Түркістан облысында егістікті қорғау үшін айналдыра ор қазғандар жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында егістікті қорғау үшін айналдыра ор қазғандар жазаланады

25.05.2021

Түркістан облысында егістік жерін қорғаймын деп айналдыра ор қазып тастағандар енді қоршаған ортағазиян келтіргені үшін айыппұл төлейді. Және жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Өңірде 139 шаруашылық өзіне тиесілі аумақты осылай терең шұңқырмен қоршап алғаны анықталды. Олар жалпы көлемі 42 мың гектар жерді трактормен тереңдете қазып тастаған. Салдарынан жердің құнарлы қабаты бұзылып, топырақтағы микроорганизмдердің жойылып кетуі мүмкін. Шаруа қожалықтары талапты орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп ескертті жер инспекциясының мамандары. Қазылған жерлерді қалпына келтіру үшін енді сол аумақтарға рекультивация жүргізілмек.

Алтынбек Мырзаев, Облыстық жер инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Осындай жер пайдаланушылардың алдын алу мақсатында облысыта үлкен бастама қолға алынып отыр. Ол космомониторинг түсірілім арқылы жердің жай күйін бақылап отыру. Осы бойынша күнделікті бақылау жүргізіп, заңбұзушылықты анықтап отыратын боламыз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу