Елімізде қоқыс өңдеу мәселесі 2025 жылы толық шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қоқыс өңдеу мәселесі 2025 жылы толық шешіледі

24.05.2021

Елімізде қоқыс өңдеу мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. Бұл туралы экология министрлігі мәлімдеді. Биыл тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинауға арналған 7200 контейнер орнатылып, жылына 300 мың тонна қоқыс сұрыптайтын үш кешен іске қосылмақ. Сондай-ақ, қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша 6 зауыт салу жоспарланып отыр. Олар түтін газын тазарту және зиянды заттарды автоматты бақылау жүйесімен жабдықталмақ. Аталған кешендер арқасында қалдықтардың 30 пайызы қайта өңделіп, қалғаны энерегетикалық отынға айналады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу