Өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына тамызда жаңа баспана беріледі
Ормандағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға тамызда жаңа баспаналар беріледі. Бүгін Премьер Министр Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында Риддерге соғып, тұрғындармен кездесті. Қазір 30 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Әр қоныс ауданы – 80 шаршы метр, 10 сотық жер телімі қоса қаралған. Жалпы, өрт салдарын жою үшін 557,5 млн теңге бөлінді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.
Құрылыс жұмыстары бірнеше компанияға жүктелген. Түрғындарды 15 тамызда жаңа қоныстарына көшіру жоспарланған. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады.
Ольга Тюменцева, қала тұрғыны:
Біз табан асты баспанасыз қалдық. Қолымызға не түссе соны іліп алып шығып кеттік. Алдағы күніміз не болар екен деп қатты қорықтық. Президенттің қолдауына, жалпы қазақстандықтардың қамқорлығына көп рақмет. Бізге үміт пен жылу сыйлады.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдетуді тапсырды
23.08.2026, 20:00
Ауыл тұрғындары белсенді дауыс беруде
23.08.2026, 18:09
200 орындық перинаталдық орталық салынып жатыр
23.08.2026, 18:07
Өндірістік нысандар базасында 4 сайлау учаскесі бар
23.08.2026, 18:07
EXIT РOLL өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 18:05
Бельгияда 100-ге жуық отандасымыз дауыс береді
23.08.2026, 18:00
Түркі елдерінің байқаушылары сайлау барысын жоғары бағалады
23.08.2026, 18:00
Сайлау учаскелерінде барлық азаматқа тең жағдай жасалған
23.08.2026, 17:00