Өрт салдарынан қайтыс болатындардың 35 пайызы ішімдік ішкендер - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт салдарынан қайтыс болатындардың 35 пайызы ішімдік ішкендер - министр

21.05.2021

Риддерде болған өртке қатысты бір күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе сотталады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, жалпы өрт салдарынан қайтыс болатындардың 35 пайызы ішімдік ішкендер. Сараптама көрсеткендей, алкоголь өнімдерін аз пайдаланатын аймақтарда өрт оқиғалары көп тіркелмейді. Министрлік жер сілкінісі салдарының алдын алу жұмыстарын да күшейтпек. Мәселен, Алматы өңіріндегі бұл бағыттағы шаралар Қырғыз елінің мамандарымен бірге жүзеге асырылатын болады.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Біз Алматы маңындағы сейсмодатчиктерді біріктіруге келістік. Себебі, жер сілкінісінің ошақтары көбіне Қырғызстанның аумағында орын алады. Жұмыстарды «Darmen» мобильді қосымшасымен үйлестіруге 2 айдай уақыт керек. Нәтижесінде, 6 баллдан жоғары жер сілкінісі болған кезде азаматтардың смартфондарына жедел түрде хабарлама жібереді.

Министр құтқарушылардың зейнетке ерте шығуы мүмкін екендігін де айтты. «Азаматтық қызметшілер» санаты бойынша зейнет жасын қысқарту көзделген. Сонымен қатар, Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері үшін тұрғын үй төлемдері мәселесін шешу де пысықталып жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу