Шымкентте індетке шалдыққандар қатарында жастар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте індетке шалдыққандар қатарында жастар көбейген

21.05.2021

Шымкентте індетке шалдыққандар қатарында жастар көбейген. Сары аймаққа өткен шаһарда жуырда 23 жастағы келіншек те індеттен қайтыс болған. Марқұмның артында баласы қалды. Алып шаһарда күн сайын 100-ден астам адам індет жұқтырып жатыр. Қазір 3 мыңнан астам адам емделіп жатса, 67 науқас - жансақтау бөлімінде. Алты адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр және қайтыс болған науқастардың қатарында жасы 18-ден 40 жасқа дейінгі тұрғындар да бар.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Тек жас ерекшелігі ең жас 1998 жылғы, одан кейін 1980 жылғы да қайтыс болды, 1979 жылғы да қайтыс боп жатыр. Қайталап өтейін, 2021 жылғы пандемия 2020 жылғы пандемияға қараған кезде жастар көп ауырып жатыр.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу