Ақмола облысының тұрғыны 23 жыл бойы өлгендер санатында жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының тұрғыны 23 жыл бойы өлгендер санатында жүр

21.05.2021

Щучинск қаласының тұрғыны тірі бола тұра 23 жылдан бері өлілердің санатында келеді. 63 жасар Анастасия Малашеньконы 1997 жылы Алматы облысы Көксу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесі Анастасия Милашенько есімді адам қайтқанда, қателесіп өлген азаматтардың базасына қосып жіберген. Зейнеткер өзінің көз жұмғандар тізімінде екенін 2015 жылы біліпті. Содан бері ол ешбір медициналық қызметті ала алмай келеді. Пойызға билет алу мүмкіндігінен де айырылған. 2013 жылы жеке куәлігін ауыстырғанда да, бұл ақпарат назарсыз қалған. Дегенмен, кейбір республикалық базаларда ол тізімде бар. Зейнетақысын алып отыр.

Анастасия Малашенько, Щучинск қаласының тұрғыны: 
Бір жерге баруға қорқамын. Сіз өлгендердің тізімінде деген естігім келмейді. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері сіз көз жұмғандар базасында тұрсыз деп қызмет көрсетпей қойды. Сондықтан қазір тек жеке меншік емханаларға барамыз. Жергілікті атқарушы органдарға, прокуратураға жүгіндім, еш нәтиже жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүргізбек. Анастасия Малашенконың республикалық базадағы мәртебесін дұрыстау үшін министрлікке хат жолданады.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу