Сынақ орталығына айына төрт тапсырыс түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сынақ орталығына айына төрт тапсырыс түседі

21.05.2021

Әр техниканың өзіндік электромагниттік өрісі бар. Ол бір сәтте токқа қосылған құрылғылардың бір-біріне кедергі келтіруі мүмкін. Мамандар оны қондырғылардың үйлесім таппай жатқандығымен түсіндіреді. Техникалық құралдар электромагниттік үйлесімділігі арнайы зертханаларда тексерілгеннен кейін барып нарыққа шығады. Ламбриан Топузидис метрология күнінде жаңа сынақ камерасының жұмысына қанықты.

Бұл Қазақстанда ашылған зертханалық-сынақ камерасы. Соңғы үш айда осында елде жасалған радио стансалар мен отандық автокөлік сынақтан өтті. Екеуі де халықаралық стандарттарға сай.

Әділбек Қабенов, «Қазстандарт» РМК метрологиялық қамтамасыз ету мен сынақтан өткізу департаментінің жетекші маманы:
Негізінде кез келген техникалық құрал басқа электронды құралдарға кедергі жасамай жұмыс істеуі керек. Бұл қабілетті біз электромагниттік үйлесімділік деп атаймыз. 

Сынақ камерасы техникалық өнімді тексеруге қолайлы. Сырт жақтан ішке қарай дауыс өтпейді. Ал өнімнен бөлінетін толқындар карбон пирамидаларына сіңіп кетеді. Бұл өте маңызды. Смартфонға лабораториялық жағдайда генератордан әдейі сигнал жіберіледі. Бұны электромагниттік кедергілер деп атайды. Егер байланыс құралы осы кедергілерге төзімді болатын болса, ол ГОСТ-пен қабылданған нормаларға сай болып шыға келеді. Ал егер реакция танытса, онда басқа құралдар бөлетін элетромагниттік толқындардан дұрыс жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Ламбриан Топузидис, тілші:
Байқағанымыздай, зертханамызда ұялы телефонымызды қауіпсіздігі мен сапасына тексеріп жатырмыз. Ешқандай өзгеріс байқалып тұрған жоқ толқыннан. Яғни, ұялы байланыс қолданысқа жарамды солай ғой? Иә, дұрыс айтасыз. Телефон жұмысқа жарамды. 

Мұндай тексерулер техникалық стандарттарға сай келмейтін өнімдерді нарыққа жібермейді. Сынақ камерасының мүмкіндігін отандық қана емес, ресейлік компаниялар да пайдалануға ниетті. Айына мұнда кемінде төрт тапсырыс түседі. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу