Қазақстанда киік төлдеген кезде фото мен видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда киік төлдеген кезде фото мен видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлімдеді.
«Әлеуметтік желіде құралайдың суреттеріне байланысты талқы әлі қызып тұр. Мен де өз кезегімде Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті рұқсат берген фототүсірілімге қатысты тағы да пікір білдіргім келеді. Оспан Әлінің киікті қорғаймын деп құрбан болған Ерлан Нұрғалиевтің құралаймен түскен әйгілі фотосының авторы екенін білесіздер. Туынды киіктерді қорғаудың символына айналып кетті десе де болады. Ал соңғы түсірген суреттерінің мақсаты - сұлу табиғатымызды көрсетіп, насихаттау, адамдардың сұлу жануарға махаббатын ояту арқылы қорғауға атсалысуға итермелеу еді», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Айтуынша, Экология министрлігі төлдеу маусымында видео-фототүсірілімдерге мүлдем тыйым салатын арнайы құжат әзірлемек.
«Төлдеу уақытының маңыздылығын ескере отырып, мен салаға жаны ашитын, бейжай қарамайтын адам ретінде төлдеу маусымында видео-фототүсірілімдерге мүлдем тыйым салатын арнайы құжат әзірлеуге басшылыққа өтініш беруге шешім қабылдадым. Себебі дәл қазіргі уақытта ондай нақты регламент жоқ екен. Бұл шараны Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен талқылаймыз», — деді Самал Ибраева .
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16