Өткен тәулікте 2433 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2433 адам коронавирус жұқтырған

20.05.2021

Енді, елдегі эпидахуалға ойыссақ. Вирустың таралуы бойынша қазір 8 өңірде жағдай күрделі. Ал, осыған дейін «сары аймақта» болған Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» деңгейге ауысты.

Елімізде індетке шалдыққандар саны саны да азаймай тұр. Кеше тағы 2433 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, 17 науқас көз жұмған. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 105 адам шалдығып, 4 адам қайтыс болған. Қазір жалпы 35 мыңнан астам науқас емделіп жатыр, олардың 700-ден астамы ауыр жағдайда.


Хабарламаларға жазылу