Елбасыға елордалықтардан ұжымдық хат келіп түсті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың жеке секторында тұратын азаматтардан ұжымдық хат келіп түсті. Онда тұрғындар бас қаланы газдандыру жұмыстары үшін ризашылығын білдірген. Көгілдір отын Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында жеткізілген. Қазір Көктал-1, Көктал-2, және Железнодорожный аудандарындағы 30 мыңнан астам үйге газ тартылған. Биыл бірінші және екінші жылу электр стансаларын газға көшіру жұмыстары аяқталуы тиіс. Ал келер жылы Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный және Юго-Восток аудандарына көгілдір отын жеткізілмек.
Ербол Асылбеков, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Газға өте қуаныштымыз. Жұмыстан келгенде бұрындағыдай көмір тасып, отын жармаймыз. Отбасымен көп уақыт өткіземіз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16