Қызылорда облысында 80 мыңға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 80 мыңға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе салдырды

20.05.2021

Қызылорда облысында 80 мыңға жуық тұрғын коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Бұл - аймақтағы жалпы халық санының 10 пайызы. Бүгінде вакциналау емханада ғана емес, ірі сауда орталықтарында да жүргізіліп жатыр.Облыста күніне 300-дей адам ерікті түрде екпе салдыруда. Контингенттің басым бөлігі - қарапайым тұрғындар. Сондай-ақ, медицина, құқық қорғау саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер де белсенді. Қазір өңір «жасыл» аймақта. 

Сәбит Пазылов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бізде жылдың басында медициналық қызметкерлердің арасында ауру жұқтыру көп кездесті деп айта аламын. Сол себепті біз кейбір бөлімдердің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болдық. Ал вакцинауиялау басталған кезде ең бірінші кезекте медицина қызметкерлері қамтылсын деген ұсыныс болған. Әр мекемеде 70-80 пайызға жеткізілді. Соның арқасында вирус жұқтыру күрт төмендеді. Вакцинация жұмысының осы вирусты төмендетуге тікелей әсері бар деген шешім қабылдауға болады.

Түркістан облысында вирусты пневмония жұқтырғандар саны көбейіп барады. Күні кеше ғана өңірде індет жұқтырған 39 науқас анықталса, соның 28-і вирусты пневмонияға шалдыққан. Қазір инффекциялық ауруханаларда осындай 27 науқас жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені желдету аппаратына қосылған. Жыл басынан бері індеттен қайтыс болған 16 адамның үшеуі жас босанған аналар, қалғаны егде жастағы тұрғындар екенін айтады. Қазір аймақта жаппай егу шаралары жүргізілуде. Күні бүгінге дейін тұрғындардың 20 пайыздайы , яғни 180 мыңнан астам адам екпе алды . Облысқа бүгін тағы Хаят вакцинасының 26 мың, Спутник видің 11 мың дозасы жеткізілді.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу