Батыс Қазақстанда жаңа су қоймасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жаңа су қоймасы салынады

19.05.2021

Батыс Қазақстанда су тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы тапсырмасымен өңірге барған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Қазір облыстағы Үлкен өзен мен Кіші өзенге су Ресейден сатып алынады. Соңғы жылдары жоғарыдан су жіберу тоқтатылды. Сатып алуға да үкіметтен бөлінетін қаражат кешеуілдеп тұр. Министр Еділден 135 млн текше метр су алу үшін республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінетінін айтты. Кейін Ресейге тәуелділікті азайту мақсатында Қазталов ауданында су қоймасы салынады. Қазір оңтүстік аудандардың халқы жайылымға су жетпей, мал бағуға қиналып отыр.

Нұрболат Жұмағалиев, «Қазсушар» РМК БҚОФ директоры:
Бір жылдары мынау Кіші өзеннен 96 млн келген. 2014 жылы. Үлкен өзенге 311 млн текше метр тегін су, тасқын суы келген. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу