Түркістан облысында тойханалардың жұмысына рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тойханалардың жұмысына рұқсат берілді

19.05.2021

Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді. Енді азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер мен супермаркеттер, моншалар мен ашық аспан астындағы аттракциондар, бизнес-орталықтары мен туристік нысандар, демалыс орындары және қонақ үйлер қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі де 24.00-ге дейін жалғасады. Ал спорттық шаралар, бильярд, боулинг және компьютерлік клубтарға жиналатын адамдардың саны 30%-дан аспауы керек. Өңірде сондай-ақ, тойханалар мен мейрамханалардың жұмысына да рұқсат берілді. 

Асқар Ысқақов, Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:  
Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс жасау уақыты 22:00ден 24:00- ге дейін ұзартылды. Мейрамханалардың банкет залдарында ас беруге рұқсат етілді. Дегенмен толтыруылуы 50%-ға дейін, 50 орындықтан аспау қажет.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу