Ақтөбеде бір айдан бері қоқыс шығарылмаған
Қоқыста қалған қала! Ақтөбеде бір айдан бері тұрмыстық қалдықтар шығарылмаған. Әсіресе, «Нұр Ақтөбе» ауданында жағдай қиын. Амалы таусылған тұрғындар жиналып, шағымдарын білдірді. Айтуларынша, қоқыстың алынбағанына айдан асып кеткен. Салдарынан, қоқыс желді күні ұшып, айналаны бүлдіруде. Тамақ қалдықтары құрттап, шіріп жатыр. Ал,жауаптылар техниканың сынып жатқанын алға тартады. Оның үстіне контейнерлерді жаңарту керек. Себебі, ескілері арнайы техникамен көтеріп алуға лайықталмаған дейді.
Жалпы, облыс орталығында соңғы 2-3 жылдан бері қоқыс шығару мәселесі қиындап кеткен.
Шыман Қаналин, қала тұрғыны:
Балдар да ойнайды бұл арада. Ана жатқан ойыншықтар, лақтырып тастаған, оны алады. Осыдан ауру тарайды. Көріп жатсыңдар, қалай ұшып жатыр. Осының бәрі көшені ластайды. Шешімі болу керек қой.
Әміржан Оразғалиев, Алматы ауданының әкімі:
Бір қалыпқа келтіреміз оны. Күнде жұмыс істеп жаптырмыз. Аралап, мердігерді шақырып. Айыппұл саламыз оларға.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09