Тұрғындарға сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындарға сыйақы беріледі

18.05.2021

Сауда кезінде фискалық түбіртек бермей, заңсыздық жасағандар туралы хабарлаған азаматтарға мың теңге сыйақы төленеді. Кірістер комитетінің хабарлауынша, ақшаны алу үшін саудагердің чек беруден бас тартқанын, дүкеннің атауы мен мекенжайын жазып жіберу қажет. Жоба көлеңкелі экономикамен күресу үшін жасалып отыр. Азаматтарға сыйақы мемлекеттік бюджеттен төленеді. Ақша ұялы телефонға аударылады. Қаулы 28 мамырдан бастап күшіне енеді.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу