Үндістан мен Қырғызстанға гуманитарлық көмек жеткізілді
Қазақстаннан Үндістанға жіберілген 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек діттеген жеріне жетті. Қазақстандық ұшақтар Нью-Делидегі Индира Ганди атындағы әуежайға сәтті қонды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, індеттен зардап шегіп жатқан мемлекетке түрлі тауарлар жөнелтілген еді. Коронавируспен күрес үшін медициналық маскалар, респиратор, қорғаныш киімдері мен өкпені жасанды желдету апараттары бар. Сонымен қатар, Қырғыз елі де бізден жіберілген гуманитарлық көмектің бірінші партиясын қабылдап алды. Көрші елге темір жол арқылы 4,5 мың тонна ұн жеткізілді. Айта кетейік, Қазақстан Қырғыз еліне жиыны 10 мың тонна ұн жөнелтуді жоспарлап отыр.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16