Маусымнан бастап 6 мыңдай шақырым жол ақылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маусымнан бастап 6 мыңдай шақырым жол ақылы болады

17.05.2021

Келесі айдан бастап еліміздегі 18 жол учаскесі ақылы болады. Бұл шамамен 6 мың шақырым жол. Ол Шымкенттен Өзбекстанның, Оралдан Ресейдің шекарасына дейінгі учаскелер. Сондай-ақ Щучье-Петропавл, Шымкент-Қызылорда, Қапшағай-Талдықорған, Ақтау-Бейнеу және Нұр-Сұлтан-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Қостанай жолдары ақылы болады.  Жалпы  «Нұрлы жер» арқылы 2025 жылға дейін 11 мың шақырым ақылы жол салу көзделген. Олар пайдалануға берілген соң жыл сайын 60-тан 72 миллиард теңгеге дейін ақша түседі деп жоспарланған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу