Осы Шығыстағы Риддер қаласында өрттен зардап шеккендерге жаңа баспана салына бастады. 31 үй шағын шаһардың жаңа ауданында тұрғызылады. Бүгінде 7 мердігер компания құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жанып кеткен үйлер Президет тапсырмасы бойынша мемлекет есебінен салынады.
Өрттен зардап шеккен тұрғындардың құжаттарын қалпына келтіру қарқынды жүргізіліп жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы Риддерге мобилді топ жіберген. Мамандар тұрғындарға қажетті электронды анықтамаларды алуға көмектесіп, құжаттарды қалпына келтіруге өтініш қабылдап жатыр. Жылжымайтын мүлік пен жеке басын куәландыратын барлық құжат тегін ресімделеді. Қазір 7 адамның жеке куәлігі, 2 көліктің техникалық паспорты мен өзге де құжаттар қалпына келтірілген.
Берік Көшербай