Елордада ашық аспан астында коронавирус туралы қойылым ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ашық аспан астында коронавирус туралы қойылым ұсынылды

17.05.2021

Елордада коронавирус жайлы хореографиялық қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Ашық аспан астында көрсетілген шағын туындыны «Астана мюзикл» театрының әртістері ұсынды. Қойылымда COVID-19 індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Әртістер сахна өнері арқылы карантиндік талаптармен қатар, вакцинаның маңыздылығын да жұртшылыққа жеткізуге тырысты. Шынайы оқиғаларға негізделген қойылым арқылы әртістер өмірдің басты құндылықтарын ұғындырғысы келгендей. Карантин кезіндегі адамдардың ішкі ой-толғанысын, адамзаттың басына түскен қиындықтарды жеткізді. Елорда тұрғындарына қойылымның тек үзіндісі ұсынылды. Ал толық нұсқасын 21-22 мамыр күндері «Қазақстан» концерт залында тамашалауға болады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу