Премьер-Министр Асқар Мамин Финляндия сыртқы сауда және халықаралық даму министрі Вилле Скиннаримен кездесті. Онда сауда, цифрлық технологиялар, қалдықтарды қайта өңдеу мен жасыл экономика бағытындағы бірлескен жобаларды іске асыру жоспары талқыланды. Жалпы 15 жылда Финляндия Қазақстан экономикасына 366 млн доллар инвестиция құйған. Биыл I тоқсанда тауар айналымы 111 млн доллардан асты.
Сондай-ақ Асқар Мамин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Анна Бьердемен онлайн кездесу өткізді. Тараптар бірқатар жобаларды іске асыру жайын сөз етті. Мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасына қарыз беру жөнінде келісім жасылды. Мал шаруашылығы секторында «жасыл өсім» саясаты үшін 460 млн еуро бөлу жоспарланған. Дүниежүзілік банк 30 жыл ішінде Қазақстандағы 55 жобаны қаржыландырды.
Нысаналы Ығыл