Қазақстанда жасалған автокөлік сынақтан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жасалған автокөлік сынақтан өтті

14.05.2021

Елімізде құрастырылған автокөліктің электромагниттік сәулелену деңгейі еш дыбыс өтпейтін камерада тексерілді. Зертханалық-талдау жұмыстарының барысында көліктің қоршаған ортаға қаншалықты қауіпті екені анықталды. Сондай-ақ, оған сырттан әсер ететін өзге құрылғылардың қалай кедергі келтіретіні дебелгілі болды. Бұл әзірге тексерістен өткізіліп жатқан алғашқы көлік. Бұған дейін міндетті халықаралық талаптарға сәйкестігін растау үшін техниканың деңгейі Ресейде сынақтан өткізілген. Мұндай бірегей мүмкіндік бізде де пайда болды. Сынақ техникалық ақаулардың алдын алуға септігін тигізеді. Және соңғы үш айда бұл орталықта елімізде жасалған радио станциялары, ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен газ есептеуіш құралдары да сынақтан өткізілді. 


Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Осындай лабораториялар ол деген негізінен мына әр өнімнің, әсіресе, осы машина жасау, жаңағы құн салығы үлкен салалардың, өндірістердің сапасын көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгін ашылып жатқан осындай зертхана бұл 15 елде ғана бар. Біз сол осы 15 елдің қатарына қосылып жатырмыз.
автокөлік құрастыру сынақ

Хабарламаларға жазылу