Қоныс аударушыларға лайықты жағдай жасалмай отыр
Оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстік аймаққа қоныстандыруға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы сын көтермейді. Сенатор Әлімжан Құртаев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. Мәселен, кейбір әкімдіктер көшіп келгендерді қалаған елдімекендеріне емес, өздері таңдаған ауылға жібереді. Қоныс аударушыларға еңбек ету үшін лайықты жағдай жоқ. Баспана сапасы да сын көтермейді. Сенатор қолдаудың бір тетігі ретінде несиесі бар көшіп-қонушыларға 6 айдан 1 жылға дейін несиелік демалыс беруді ұсынды. Себебі, қарызы барлар субсидиядан қағылып отыр. Бұған қоса, түсіндірме жұмыстарын ширату қажет.
Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жіберуші және қабыладушы өңірлерде Call-орталықтарын ашу қажет. Оның жұмысын тиімді ету үшін оған төмендегі ақпаратқа ие мамандарды тарту керек. Бос жұмыс орындары туралы, тұрғын үймен қамту барысы, жаңа тұрғын үйлер туралы ақпарат, шағын кәсіппен айналысатын нақты жоспарлар тізімі әзірлену керек.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елге 3 млн турист келген
23.08.2026, 15:21
Байқаушылар заң бұзушылықтар болмауын қадағалап отыр
23.08.2026, 15:20
Дауыс беруге барлық жағдай жасалған
23.08.2026, 15:20
Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған
23.08.2026, 15:19
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
23.08.2026, 15:15
Тікелей эфирдің тынысы
23.08.2026, 15:12
Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс
23.08.2026, 15:11
Respublica партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 15:10