Абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың зираты талқандалды
Семейде белгісіз біреулер атақты абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың зиратындағы құлпытасты қиратып кеткен. Осыдан 10 жыл бұрын ақын тұрған үйдің қабырғасына қойылған ескерткіш тақтаны қаскөйлер бүлдіріп, ғұламаның бейнесі кескінделген бейіттегі мәрмар тасты бұзып, темір қоршауларын ойрандап кеткен болатын. Биыл абайтанудың негізін қалаушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл толады. Осындай айтулы дата қарсаңында ғалым зираты тағы да талқандалған. Абайтанушының қабірін қала басшылығы қалпына келтіретіндігін мәлімдеді. Семейлік ақын, алаштанушы, әрі Қайымның шәкірті Құсмілия Нұрқасым бұл оқиғаның бірінші рет емес, қайталанып отырғанына қынжылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16