Таразда полицейлер ерлі-зайыптыларды өлім аузынан аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда полицейлер ерлі-зайыптыларды өлім аузынан аман алып қалды

19.02.2019

Көмірмен жанатын пештен шыққан газға уланған тұрғындардың жедел жәрдем шақыруға ғана шамасы жеткен. Оқиға таңға жуық Шөлдала алқабындағы тұрғын үйлердің бірінде болды.

Жедел жәрдем жеткенше естен танып қалған ерлі-зайыптылардың есікті ашуға қауқары жетпеген. Шақыртуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері де жетіп, үй иелерін терезе арқылы алып шыққан. Иістен уланған екі тұрғын ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілуде.

Дәмір Нысанов, полиция инспекторы:

- Терезе арқылы үйдің ішіне кіріп, аталған екі азаматты дереу далаға алып шығардық, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сөйтіп жедел жәрдем қызметкерлеріне салып жібердік. Қазіргі таңда екі азамат та аман-есен.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу