СҚО: Кондратовка ауылында 4 күннен бері жарық та, су да жоқ
Солтүстік Қазақстан облысының Кондратовка ауылында 4 күннен бері жарық та, су да жоқ. 200-ге тарта түтіні бар елдімекенге тоқ беріп тұрған екі трансформатордың бірі істен шыққан.
Салдарынан 50 үй жарықсыз қалды. Ауылдағы құдық та электр қуатының көмегімен жұмыс істейді. Ол да істен шыққандықтан тұрғындар суды көрші ауылдардан тасып жатыр. Тұрғындар мәселенің дер кезінде шешілмегеніне ашулы. Жергілікті билік өкілдері болса, жарамсыз трансформатор жуық арада жаңасына алмастырылатынын айтты.
Елена Безе, ауыл тұрғыны:Жарық болмағандықтан инкубатор суып қалды. 80 жұмыртқа, тоңазытқыштағы ет далаға кетті. Ауылда құс өсіріп сататындар көп. Біз ғана емес, қаншама адам осындай шығынға батты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16