Алматыда Sinopharm вакцинасын мыңнан астам адам салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Sinopharm вакцинасын мыңнан астам адам салдырды

12.05.2021

Алматыда Sinopharm вакцинасының алғашқы компонентін мыңнан астам адам салдырды. Қалаға аталған екпенің 15 мың дозасы жеткізілген. Жалпы мегаполисте 1 ақпан мен 11 мамыр аралығында 256 мыңнан астам адам екпе алған. Олардың 30 мыңдайы 60 жастан асқандар, дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы. Қазір шаһар бойынша 214 вакциналау пункті мен 40 көшпелі мобильді бригада жұмыс істеп тұр. Ал қаладағы эпид ахуалға келсек, соңғы тәулікте 430 адамнан вирус анықталды. Жансақтау бөлімдерінде 230 адам ем алуда. Қала әлі де қызыл аймақта тұр. Дәрігерлер жаппай вакцинациялаудың арқасында оң өзгеріс бар екендігін айтып, көпшілікті екпе салуға шақыруда.


Алмаз Шарман Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті:
Біз коронавируспен күрестің жауапты кезеңіндеміз. Енді көпшілік бар күш-жігерімен сақтануы керек. Қаншалықты тезірек вакцина алсақ, соншалықты қалыпты күндерге қайта ораламыз. Вакцина - covid-19-бен күрестің жалғыз жолы.




алматы синофарм

Хабарламаларға жазылу