Келер жылы Google салығы енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы Google салығы енгізіледі

11.05.2021

Келер жылдан бастап Google салығы біздің елде де енгізіледі. Талап бойынша шетелде тіркелген Фейсбук, Netflix сынды алпауыт компаниялар өзге мемлекеттердің қазынасына салық төлеуі тиіс. Қазақстанда да электронды сауда жүргізетін компаниялардың табысынан салық ұсталмақ. 

Google  салықтың еш жаңашылдығы жоқ. Ол бұрыннан бар. Тек қосымша құн салығының қолданылу аясын кеңейтетін шарт қана. Мысалы, кез келген IT компания қосылған құн салығын төлеп отыр. Алайда, шет елде тіркелген IT-компаниялары сол елдің азаматтарына тауарлар мен қызметтерін сататын болса, олар да тура осы қосылған құн салығын төлеуі шарт.

Дархан Ахмедиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры:
Google, Netflix немесе басқаша қосымшалар шығаратын ол компаниялар баяғыдан бері енді салықты төлеп келе жатыр. Бірақ шетелдік, цифрлық компаниялар салықты төлемейді. Сондықтан барлық компанияларды теңестіру мақсатында осындай нормалар енгізілді. 

Google салықтың мөлшері әр елде әрқалай. Мысалы, Ресейде 16,67 пайыз, Францияда 3, Польшада 1,5, Словакияда 5, Өзбекстанда 15 пайыз. Өзбекстанда Google салығы былтыр ғана енгізілген. Сол елде тіркелген Гугл Коммёрс компаниясы өткен жылдың бірінші тоқсанында Өзбекстан бюджетіне 85 мың еуро салық аударған. Қазақстанда Google салығы 12 пайыз болып белгіленеді.

Жасұлан Кушебаев, экономист:
Соңғы есептеулер бойынша бұл бізде Қазақстан осы шетелдік компанияларға салық салатын болса, олардың табысы 2 млрд теңгедей жыл сайын бюджетке осындай кіріс түседі екен. Енді жанама түрде бұл, әрине, елдегі бәсекелестікті дұрыстайды.

Ақпараттық жүйелердің әлеуметтік салаға дендеп енуі терең білімді қажет етеді. Өз ісінің нағыз мамандары Қазақстанда саусақпен санарлық. Себебі, ақпараттық технологиялар үнемі даму үстінде.

Раиса Өскенбаева, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры:
Материалдық-техникалық база жетіспейді. Неге десеңіздер, мына бағыттарға үлгеріп отыру, өзгерісіне үлгеріп отыру өте қиын. Сондықтан жетіспейді. 

Forbes.kz сайтында «Шетелдік компания қызмет құнына қазақстандық салықты қосуға, оны жергілікті тұтынушыдан алуға және бюджетке аударуға тырысады. Яғни, салықты өз есебінен төлемейді» делінген. Демек, салмақ тұтынушының қалтасына түседі деген сөз.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу