Алматы облысында параплан құлап екі адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында параплан құлап екі адам зардап шекті

11.05.2021

Алматы облысының Қарасай ауданында екі адам мінген параплан құлады.

Оқиға 9 мамыр күні Шамалған ауылы маңында болған. Азаматтар екі кісілік парапланмен ұшып келе жатып, ұйытқыған желге тап болып, электр желілерін үзіп құлаған. Екеуінің де миы шайқалып, сүйектері сынған. Ауруханада ем алып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент қаласында да әуе шарын жел ұшырып, бірнеше шағын аудан электр қуатынсыз қалған болатын. Адамдар зардап шекпеді.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу