Шығыс Қазақстан: Орман өрті бойынша сот сараптамасы өтеді
Шығыс Қазақстандағы орман өртіне байланысты сот сараптамалары тағайындалып, тергеу басталды. Бұған дейін полиция Риддердегі өртке қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстағандарын хабарлаған. Риддердегі қазіргі жағдайды тілшіміз Берік Көшербай телефон арқылы баяндамақ
Берік Көшербай, тілші:
Дәл қазір Риддер қаласында және оның маңындағы Лесхоз кентінде өрт басылған. Төтенше жағдайдар қызметі жекелеген ошақтарда өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 30-дан астам тұрғын үйдің отқа орануына табиғат аясында кәуап қуырған демалушылар кінәлі болуы мүмкін. Олар отты өшірмегендіктен өрт шыққан. Адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға себепкер болды деген күдікпен Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір полиция департаменті жанынан құрылған арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, куәгерлердің жауаптарын мұқият тексеріп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16