Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті

11.02.2019

Астанада 9 жастағы баланың басына хоккей қақпасы құлап, жарақат алды. Оқиға кеше болған. Балалар арасындағы Қазақстан чемпионатында «Номад» допты хоккей клубының ойыншысы келесi ойынды күтiп, спорт залының iшiнде демалып жатқан. Оқиға орнында команданың жаттықтырушысы да бірге болыпты. Ойнап жүрген командаласы бос тұрған футбол қақпасына асылған кезде ауыр темiр жерде жатқан баланың дəл басына құлайды. Жас хоккейшiнiң бас сүйегiне зақым келген.

Вячеслав Борисов, «Номад» хоккей клубының директоры:

- Бiрден жедел жəрдем шақыртып, ойыншымызды ауруханаға жеткiздiк. Басына ота жасалды. Қазiр жансақтау бөлімінде жатыр. Ғаламторда қан керек, донор iздеп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл ɵтiрiк. Дəрiгерлер барлығын жасап жатыр. Ɵте ауыр жағдай. Біз ата-анасымен бірге баланың қасындамыз. Тезiрек сауығып кетуiн тiлеймiз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу