Қазақстанның аумақтық тұтастығына теріс пікір айтушылар өздеріне назар аудартқысы келеді - Сергей Лавров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның аумақтық тұтастығына теріс пікір айтушылар өздеріне назар аудартқысы келеді - Сергей Лавров

06.05.2021

«Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты үнемі теріс пікір айтушылар тек өздеріне назар аудартқысы келеді. Анығында Қазақстанмен қарым-қатынасты айқындайтын көшбасшы тұлғалар мұндайға жол бермейді және ешқашан олай жасамайды». Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
Түрлі саясаткерлер саяси мансабын әр түрлі жолмен жасайды. Сенсациялық мәлімдемеге құмарлары бар. «Бастысы газеттің алғашқы бетіне шықсақ болды», - дегендері көп. Бірақ Ресей Федерациясының Қазақстанға деген көзқарасын айқындайтын нағыз көшбасшылар мұндай қадамға бармайды. Ешқашан олай жасамайды да. Өйткені, ол одақтастығымызға, арада жасалған келісімдерге сай келмейді. Біз бір-біріміздің тәуелсіздігіміз, аумақтық тұтастықтығымыз, саяси көзқарастарымызды сыйлауымыз керек.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу