Вакцина салдыру дінге қайшы емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина салдыру дінге қайшы емес

06.05.2021

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру ешбір дінге қайшы емес. Осылай деген дін өкілдері ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін екпе алуды қолдайды. Еске салcақ, қазір Алматы қаласы бойынша 240 мыңға жуық адам вакцина алды.

Ешая Коген, Қазақстанның бас раввині:
Бізге өмірді берген жаратушымыз денсаулықты сақтауды бұйырады. Қазіргі таңда өз басым коронавирусты жеңудің вакцинадан басқа тиімді жолын көріп тұрғаным жоқ. Сондықтан да дәрігерлердің айтқанына құлақ салсақ бұл қиыншылық та артта қаларына сенемін.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу