Теңгенің долларға шаққандағы жылдық орташа бағамы 430 теңгеге теңесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгенің долларға шаққандағы жылдық орташа бағамы 430 теңгеге теңесті

05.05.2021

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы жылдық орташа бағамы 430 теңгеге теңесті. Теңге былтырға қарағанда 4,3%-ке әлсіреген. Ал Brent маркалы мұнай биыл 62 доллардан саудаланады. Экономиканы зерттеу орталығының сарапшылары осындай болжам жасады. Мамандар әлемде коронавирустың жаңа штамы мен инфекция өршуіне байланысты экономикалық өсімді де біраз төмендеткен. Бұған дейін 5 процентке жуық өседі деп белгілесе, бұл жолғы зерттеуде ішкі өнімнің индексін тек 4 процентке көтерген. Экспорт 2,7%, импорт 1,5%-ға артады деп болжайды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу