Маңғыстауда 500 адамға арналған спорт кешені пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 500 адамға арналған спорт кешені пайдалануға берілді

05.05.2021

Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы. Сондықтан әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне ерекше басымдық беру керек. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында қойған міндеті. Содан бері жарты жылдан астам уақыт өтті. Тапсырманың орындалу барысы қандай? Тілшіміз айтсын.

Бұл Маңғыстаудағы су жаңа спорт кешені. 500 адамға арналған ғимарат Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отыр. Заманауи нысан Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында бой көтерді. Кешенде күрес, бокс, гимнастика мен суға жүзуді дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ғимарат өңірде жекпе-жек спортын дамытуға атсалысып жүрген атымтай жомарт азаматтардың демеушілігімен салынды.

Әмір Исатаев, Ақшұқыр ауылының тұрғыны:
Осы залдың ашылғанына қуаныштымын. Салып жатқан адамдарға алғысым шексіз. Ақшұқырда спортшылар өте көп бірақ залдың жетіспеуі, тапшылығы бар. 

Бұл мыңның бірі ғана. Ел бойынша статисикаға сүйенсек атқарылған шаруа шаш етекен.  Алдымен 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді. Дерек бойынша салауатты өмір салтына бет бұрғандар саны 6 миллионға таяды. 130 мыңға жуық спорт секциясы, 500-ге жуық спорт кешені 700-ге жуық дене шынықтыру клубы жұмыс істеп тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:   
Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет.

Ұлттық спорт түрлеріне де ерекше назар аударылып отыр. Қазір білім берудің барлық деңгейінде дене тәрбиесі сабақтарына ұлттық спорт түрлері енгізілген.

Оңғар Алпысбайұлы, Аягөз Оралбайқызы,


Хабарламаларға жазылу