Қостанай облысында кәсіпкерлерге 18,6 млрд теңге несие берілген
Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Мысалы Қостанай облысында 2019 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 пайыздық үстемеақымен 18,6 млдр теңге берілген. Бұл қаржы 400 – ге жуық жобаны жүзеге асыруға жұмсалыпты. Ал 2020 жылы оның көлемі 25 млдр теңгеден асқан. Биыл алғашқы тоқсанның өзінде 400-ден астам кәсіпкерге 18 млдр теңгенің сыртында қаржы бөлінді. Осындай мемлекет қолдауымен жұмысын жандандырып отырғандардың бірі - Қостанайдағы металл өңдеу кәсіпорны. Мұнда бір жыл ішінде 600 мың метрден астам профлист, 150 мың шаршы метрден астам металл төбе жапқыш әзірленген. 45 адам тұрақты еңбек етеді.
Александр Баранов, кәсіпорын директоры:
Біз «Даму» қорымен көптен жұмыс істейміз. Осы қор арқылы берілетін несиенің тиімділігі – үстемеақысының аздығы. Мысалы біз банктен 14 пайызбен несие алсақ, оның 8 пайызыны мемлекет субсидиялайды. Сонда біздің төлейтін үстемеақымыз тек 6 пайыз ғана.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16