Таразда жолақысы қымбаттады
Таразда жолақысы қымбаттады. Енді қоғамдық көлікте жүру құны 20 теңгеге өсіп, 85 теңге болды. Бағаның көтерілуіне жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің шарықтап кетуі себеп болған. Қазір жергілікті нарықта жанармай 40, ал қосалқы бөлшектер бағасы 50 процентке дейін көтеріліп кеткен. Қалада пандемияға байланысты күнделікті 32 бағытта 250-ге тарта автобус қатынайды. Тасмалдаушы компаниялар тасмалдау қызметі өзін-өзі ақтамайтындығын айтып шағым білдірген. Қалалық әкімдік бағаның 2017 жылдан бері өспегенін алға тартады. Айтуларынша тарифті көтеру туралы шешім жан-жақты зерделенген.
Асхат Есеналиев, қала әкімінің орынбасары:
Тарифті көтерудің басты мақсатының бірі тасмалдаушы компаниялардың автобустарын жаңарту. Бұл бағытта біз былтырғы жылдан бері қарай бірнеше компаниялармен кездесіп келіссөздер жүргіздік. Автобустар бар сол сегіз жарым, он жарым метрлік ұзындығы. Содан кейін инвалидтерге қолайлы жаңағы полдары төмен деп аталады. Сондай автобустарды сатып алу басты мақсатымыз.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16