Павлодарлықтар полигон қалдықтарының облыс аумағында сақталуына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлықтар полигон қалдықтарының облыс аумағында сақталуына қарсы

04.05.2021

Семей полигонының қалдықтары Павлодар облысы аумағында сақталмақ. Бірақ Ұлттық ядролық орталығының бұл шешіміне тұрғындар да, экологтар да қарсы. Қоғамдық тыңдау өткізілмей-ақ олар дабыл көтеріп жатыр. Себебі, қойма салу туралы жоба ашық жарияланбай отыр. Сайтта техникалық түйіндемеден басқа ақпарат жоқ. Бұл халықаралық конвенциялар талабы өрескел бұзлығандығын айғақтайды-дейді жергілікті белсенділер.

Светлана Могилюк эколог:
Тіпті, қалдықтардың сақталуы емес, топырақтың беткі қабатын қалай жинайды? Біз үшін сол қорқынышты. Себебі, асты радиация. Ал, ол қопарылған тозаңмен бірге ауаға тарап кетеді. Демек қоршаған ортаға екінші рет залал келтіру қаупі бар. Бұл жұмыстардың қалай, қандай технология арқылы атқарылатыны бізге беймәлім.

Болашақ қойма Курчатов қаласынан 75 шақырым, ал, Павлодардан 250 шақырым жерде орналаспақ. Экологтар дабыл көтерген соң мамырдың 26-на белгіленген қоғамдық тыңдау маусым айына шегерілді. Сондай-ақ жауапты орган бұл жерге өзге өңірлерден радиоактивті қалдықтар әкелінбейді-деген мәліметті жария етті.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу