Елордалықтардың жартысы өздерінің учаскелік инспекторларын білмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтардың жартысы өздерінің учаскелік инспекторларын білмейді

04.05.2021

Елордалықтардың жартысы өздерінің учаскелік инспекторларын білмейді. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызы полицейлердің жұмысына риза емес. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты. Оның сөзінше, бұл жағдай жедел басқару орталығына шамадан тыс жүктеме тудырады. Қазірдің өзінде күніне 2 жарым мың қоңырау түссе, олардың 40 пайызы қылмыстық сипатта емес. Ал, учаскелік полиция өз аймағындағы тұрғындармен дұрыс диалог жасаса, жедел орталыққа қоңыраулар екі есе аз болар еді. Сондықтан, қазір полицияны сервистік модельге көшіру жұмыстары басталған.

Алексей Милюк, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Біріншіден, учаскелік полиция барынша қол жетімді болуы керек. Ол үшін мобильді посттардың санын арттыру маңызды. Бүгінде елімізде 2700-ден астам учаскелік полиция пункті бар. Алдағы 5 жыл бойы жыл сайын 70 жаңа пункт ашуды жоспарлап отырмыз.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу