Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

04.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады. Кездесуде қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, Ассамблеяның Қазақстан халқын бірлік қағидаттарына шоғырландыруға бағытталған арнайы жобалары талқыланды. Президент барлық қоғамдық институттардың жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ, Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады. Кездесу барысында омбудсмен офисінің құқық қорғау қызметі бағытында атқарған жұмыстары, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған маңызды шешімдер баяндалды. Бұл шаралар азаматтардың құқығын қорғаудың конституциялық кепілдігін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу