Үндістанда коронавирус жұқтырғандар 20 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар 20 миллионнан асты

04.05.2021
0:00:00
0:00:00

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар 20 миллионнан асты. Сәуірдің 30-да 400 мыңнан астам адамнан вирус табылған еді. Ел билігінің мәліметіне сәйкес, содан бері «ковидке» шалдыққандардардың тәуліктік саны азайып, соңғы 24 сағатта 356 мың адамнан  анықталған. Құрбандар мен жұқтырғандар қатары шын мәнінде әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қазір Үндістанда науқастарға оттегі жетпей жатыр. Күн сайын оның мыңдаған тоннасы өндіріледі. Алайда, оттегіні ауруханаларға тарату үлкен проблемаға айналып отыр. АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 153 миллионға жақындады, 3, 2 миллиондай адам көз жұмған. Бір аптадан бері Covid-19 диагнозы жер жаһанда күн сайын 800 мыңнан астам адамға қойылып отыр. Солардың жартысына жуығы – үндістандықтар екен.

Ом Пракаш, Дели тұрғыны:
Адамдар мәйіттерді өртеуге мүмкіндік алу үшін кем дегенде бес-жеті сағат күтуі керек. Мүрделер тіпті дұрыс жағылмай жатыр. Өйткені рәсімдер жасайтын төрт-бес діни қызметкер ғана бар. Дегенмен, өздеріңіз көріп отырғандай, оларды тез өртеуге күш салып отырмыз. Ал, крематорийдің сыртында COVID-19 құрбандарының денелерін алып келген машиналар азаяр емес.

Ал, Еурокомиссия Еуропа одағының сыртқы шекарасын ашу мәселесін қарастырып жатыр. Жоспар бойынша, Брюссель мақұлдаған вакциналарды толық қабылдаған шетел азаматтарына келесі айда осы одақтың аумағына шектеусіз кіруге рұқсат берілуі мүмкін.

Арыстан Рысбек 

үндістан брюссель ковид шетел ақпараты

Хабарламаларға жазылу