«Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы басталды

30.04.2021

«Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы басталды. Игі шара Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған. Оның аясында жақын күндері Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарынан 681 отбасыға азық-түлік пен қажетті тауарлар жеткізіледі. Әр себетте 132 келі тауар бар. Акцияны Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» қайырымдылық қоры іске асырып жатыр.


Хабарламаларға жазылу