Елордада экологиялық акция өтті
Бүгін Елордада «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының ұйымдастыруымен экологиялық акция өтті. Оның аясында қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға ағаштар отырғызылды. Шараға Парламент депутаттары, марқұмның әріптестері мен жақындары қатысты. Бұл аллея Қазақстанды ауқымды көгалдандыру мақсатында былтыр қараша айында ашылған. Экологиялық акция аясында алдағы бес жыл ішінде бүкіл республика бойынша екі миллиардтан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Асхат Сүлейменов, «Жасыл» экономиканы қолдау коалициясының атқарушы директоры:
Жалпы, С.Темірқұлқызы өз өмірінде бір талай ағаш аллеяларын отырғызған болатын. Республика бойынша 7 жасыл орталықтар ашылды. Бұл «жасыл» экономиканы дәріптеу мақсатында ашылған орталықтар. Бір қуанарлығы бұл жобалар жалғасын табуда. Биыл біздің ұжыммен Қарағанды университеті және Қорқыт ата университетінің маңынан екі аллея ашу жаспарда бар. Сол кезде жалпы 9 орталық болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16