Отандық екпені салдырған соң антидене 42 күнде қалыптасуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық екпені салдырған соң антидене 42 күнде қалыптасуы мүмкін

29.04.2021

QazVac-ты салдырған соң антидене 42 күнде толық қалыптасуы мүмкін. Бүгін арнамызға сұхбат берген ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья отандық екпеге қатысты ой пікірімен бөлісті. Ғалымның сөзінше,QazVac - инактивтелген вакцина. Яғни оған коронавирустың әлдебір жолдармен өлтірілген түрі қосылған. Екпе 60 жылдан бері қолданылып келе жатқан технологиямен жасалды. Ескі әдіс болғанымен, тиімділігі жоғары, -дейді маман. Әрі жанама әсерінің жоқтығы да әбден зерттелген. Құрамы жағынан қытайдың инактивтелген вакцинаға ұқсас. Бір әттеген айы вакцинаға қолданылатын қажетті шикізат Қазақстанда жоқ. Шетелден сатып алу керек. Қазір бүкіл әлем оған мұқтаж. Кезек көп. Бұл да екпе өндірісінің кешеуілдеуіне өз әсерін тигізіп жатқан көрінеді. Әзірге екпе өндірісін мүмкіндігінше нығайту көзделген. Жалпы қазақстандық ғалымдар QazVac-тан бөлек, тағы 4 түрлі вакцинаны әзірлеп жатыр.

Күнсұлу Закарья, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры: 
Біздің технология бойынша толық вирустың негізінде пайда болған вакцина. Яғни, вирустың ішіндегі бүкіл белоктар толық сақталған. Иммунитепт белоктарға қарсы төтеп беретін антиденелер.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу