Өткен тәулікте 2883 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 2883 адам коронавирус жұқтырған

29.04.2021

Енді елдегі эпидахуалға келсек, бірнеше күн бойы «қызыл» аймақта тұрған Маңғыстау облысы «сары» аймаққа ауысты. 10 өңірде жағдай күрделі. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, және Павлодар облыстары. Ал, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары «сары» аймақта. Әзірге Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында жағдай тұрақты.

Бірақ, ел бойынша індетке шалдыққандар саны күн санап артып жатыр. Кеше тағы 2883 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ауруханада жатқан 760 науқастың жағдайы аур. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 112 адам шалдығып, 5 науқас қайтыс болған.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу