Қызылордада 2 күнде көктайғақтан 130 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 2 күнде көктайғақтан 130 адам жарақат алды

31.01.2019

Қызылорда қаласында жаңбыр жауып, көшелерде көктайғақ. Облыс аумағында екі күнде 17 жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам жарақаттанған. Жалпы, мұзға құлап, майып болған 131 адам медициналық көмекке жүгінген. Осыған орай, бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысына кері әсер етуде. Республикалық жолдар жабылды.    Қала көшелері күндіз-түні тазартылып жатыр. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

Елдос Сомтеміров, қалалық Тұрғын үй инспекция бөлімі басшысының орынбасары:

- 35 техника жұмыс істеді. Техникамен құм араласқан тұз себілді. Жиналған жаңбыр суын тартудамыз. Бұл жұмыстар қаланың барлық аумақтарында жүргізілуде.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу