Ақтауда Чернобыль ардагерлері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда Чернобыль ардагерлері бас қосты

28.04.2021

Чернобыль қаласындағы атом-электр станциясында болған апатқа 35 жыл толуына орай, Ақтауда алғаш рет халықаралық конференция ұйымдастырылып, апаттың салдарын жоюға атсалысқан азаматтар бас қосты. Шараға Украина мен Белорусь елдеріндегі ардагерлер онлайн қатысты. Олар ең алдымен апатта қаза тапқан жауынгер жолдастарын үнсіздікпен еске алды. Конференцияда адамзат тарихында болған ең ірі апаттың салдары, радиациялық аймақта жұмыс істеген жауынгерлердің ерлігі айтылды. Айта кететін жәйт, 1986 жылы Чернобыльге елден 32 мың әскер жіберілген. Оның 2 жарым мыңы маңғыстаулық сарбаздар. Қазір өңірде 150-ге жуық ардагер бар.

Болат Асар, Ақтау қаласының тұрғыны, Чернобыль ардагері

Аяғым протез, темір салдырттым. Сосын жүрегімнің кішкене ақауы бар, дем жетпейді. Санаторияға да жолдама беріп жатыр, таяғын да беріп жатыр. Үкіметке рахмет!

Аягөз Оралбайқызы


ақтау чернобыль апат ірі апат

Хабарламаларға жазылу