Алматыда 10 мамырға дейін зираттар жабық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 10 мамырға дейін зираттар жабық болады

27.04.2021

Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болады. Осылай деген қаланың бас санитар дәрігері коронавирустың мутацияланған штамдары қауіп төндіріп отырғанын айтты. Сондықтан, қала тұрғындарынан ата-күнін неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстыруды сұрады. Бас санитар бұған дейін зерттеуге алынған сынамалардың 78 пайызынан ұлыбританиялық штамм анықталғанын жеткізді. Ал келер аптада тағы мың сынама зерттеуге алынып, ұлыбританиялық, даниялық, бразилиялық және Оңтүстік африка штамдарын анықтау жоспарланып отыр. Жалпы, жыл басынан бері вирус жұқтыру көрсеткіші өткен жылғы дәл осы уақытпен салыстырғанда шамамен екі есе көбейген. Дегенмен, бұл болжамға сай көрсеткіш. Сондай-ақ, Бекшин қалада вакцина қарқынды жүріп жатқанын және алдағы айдың соңында ауру азаятынын атап өтті.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу