Ақтауда 6 жастағы бала қандаланың уынан қайтыс болды

30.01.2019

Қайғылы жағдай 13-ші шағын ауданның 9-шы үйінде болды. Жетінші қабатта тұратын тұрғын үйін қандаладан улап, көршілеріне ескертпестен кетіп қалған. Салдарынан жоғары қабаттағы көршінің 3 бірдей баласы уланып қалды. 4, 5 және 6 жастағы балалар «токсикалық улану» диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, ағайындылардың үлкенін дәрігерлер аман алып қала алмады. Қазір «абайсызда кісі өліміне әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірнеше сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Ауруханаға бір отбасының 3 бірдей баласы жеткізілді. Дәрігерлер тиісті көмекті көрсеткінімен, бүлдіршіндердің бірі ес жимастан қайтыс болды. Қалған екеуінің жағдайы қалыпты. Балалар педиатрия бөлімінде, қасында анасы бар.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу