Дамаск қақпасының маңында намаз оқуға қайта рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дамаск қақпасының маңында намаз оқуға қайта рұқсат берілді

27.04.2021

Израиль Шығыс Иерусалимдегі шиеленісті жеңілдету үшін Дамаск қақпасының маңындағы алаңда палестиналықтардың Тарауық намазын оқуына қайта рұқсат берді. Сондықтан, өткен түні бұл ауданға мыңдаған палестиналық жиналды. Ал, осыған дейін мұнда Израиль полициясымен қақтығыс кезінде 105 палестиналық жараланды. Тағы 50-ден астамы тұтқындалған.

Екі жақ арасындағы жанжал Рамазан айымен бірге басталды. Арабтарды Израиль полициясының Қасиетті айда қақпа жанына жиналуға рұқсат бермеуі ашындырған. Алайда, қарсы жақ бұл ауданда қауіпсіздік шараларын Палестинада мамырдың 22-де өтетін парламенттік сайлауға байланысты күшейтілгенін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу