Қазақстанда коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді

27.04.2021

Елімізде коронавирустың таралуы бәсеңсіп келеді. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Індетке шалдыққандардың күнделікті динамикасы наурыз айының соңындағы 46 пайыздық өсім қарқынынан, өткен аптада 8 пайызға дейін төмендеген. Ал, өлім-жітім өсімі 30-дан 8 пайызға дейін азайды. Министр ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы байқалады-деді. Өңірлер аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып шектеу іс-шараларын түзету жалғасады. Министрдің мәліметіне сай, аруға шалдыққандар көрсеткіші бойынша 221 елдің ішінде Қазақстан 108-орында. Ал өлім-жітім бойынша 107-орында тұр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 
Қазақстанда екі вакцина салынып жатыр. Олар «Спутник V» және QazVac. Еліміз әлемдегі вакцина өндіруші 10 мемлекеттің қатарына кірді. Әлемдік рейтинге сәйкес, 177 ел арасында Қазақстан вакцина салдырғандар көрсеткіші бойынша 52-орында. Вакцинаны жеткізу кезең-кезеңмен жүзеге асады, кестеге сәйкес, сәуірде халықтың 20 пайызына жеткізу қарастырылған. Вакцина салдыру елдегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіруге ықпалын тигізе береді.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу